Жаңылыктар

27.09.2021

ЕЭК Интернетте зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды бұзушылыққа қарсы күрестің келісілген тәсілдемелерін тұжырымдайды

Бұл туралы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев хабарлады. Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын бұзушылыққа қарсы күрестің келісілген тәсілдемелерін талқылау ЕЭК алаңында биыл басталды.


«ЕЭК-тің бұл саладағы жұмысының нәтижесі ЕАЭО шеңберінде келісім жасасу болады, онда негізгі қағидаттар қатталады, солардың негізінде Одақ мемлекеттерінің Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын бұзушылыққа қарсы әрекет ету саласындағы заңнамасын үндестіру жүзеге асырылады»,- деп атап өтті Руслан Бекетаев.

Консультативтік комитет отырысына қатысушыларға 2020 жыл ішінде ЕАЭО-да зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау саласындағы құқық қолдану практикасының мониторингі бойынша есеп ұсынылды.

«Соңғы бес жыл ішінде ЕАЭО елдерінде 80 млн астам контрафактілік тауарлар бірлігі анықталды. ЕАЭО-да бұл ретте 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде зияткерлік меншік саласындағы бұзушылықтың жалпы өсу үрдісі байқалса да, 2020 жылы 13,6 млн контрафактілік өнім бірлігі анықталды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 11% аз»,- деп атап көрсетті Руслан Бекетаев.

Атап айтқанда, мұны ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының COVID-19 пандемиясы жағдайында тауарлардың жасырын айналымына қарсы күресті жандандыруымен түсіндіруге болады.

Бұдан басқа, өзара ықтимал өкілдік мәселесі, соның ішінде Одақ елдерінде зияткерлік меншік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны тану, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау бойынша құқықтық реттеу мәселелері қаралды.

 

Анықтама:

Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет 2012 жылғы 25 қыркүйекте құрылған. Комитет құрамына Одақ мемлекеттерінің министрліктері мен ведомстволарының басшылары, басшыларының орынбасарлары, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кіреді.

Комитет ЕЭК үшін зияткерлік меншік саласында ұсынымдар дайындаумен, консультациялар өткізумен, ЕАЭО мемлекеттері уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар дайындаумен және басқа мәселелермен айналысады.